$ 480.11  532.25  5.14

«Пышақ жүрек тұсына тиген»: Алматыда дзюдодан Азия чемпионын бір топ адам соққыға жықты (ВИДЕО))

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда жастар арасындағы Азия чемпионы Дамир Исахановқа пышақпен қастандық жасалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы мәлімет әлеуметтік желіде тарады. Желідегі мәлімет бойынша, спортшыға бір топ адам шабуыл жасап, пышақ оның кеудесіне тиген. Алайда спортшы аман қалған.

Алматы қаласының Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталғанын хабарлады.

Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауында, - деді қалалық ПД өкілі Салтанат Әзірбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары