01.10.2024, 17:20

«Өлтіріп кетеді»: Такси жүргізушісі жолаушы қызға тиісіп, санынан сипаған

Фото: Pixabay

Бұтына бірдеңе тигендей болып, шошып оянған. 

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасына келген хаттың бірін жариялады. Хатта бойжеткен құрбысына такси жүргізушісі тиіскенін жазған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жазба авторы құрбысы көлікте ұйықтаған кезде жүргізуші оның денесіне қол жүгірткенін жазған. Көлікте қыздан басқа жолаушы болмаған.

Хат иесінің құрбысы «өлтіріп кетеді» деп қорқып, жүргізушінің қолын итеріп, терезеге қарап, жылап отырған. Хатта қыздың қатты қорқып қалғаны, шарасыз күй кешкені жазылған.

«Құрбым өткенде жұмыстан кейін таксиге отырған Саяхаттан. Такси адам жиналғанша тұратын болғасын бос алдына отырған. Сабақ,жұмыс шаршағасын ұйқысы келіп, артына адам жиналғасын жүрген такси. Қойш, содан келе жатқанда адамдар жолдан түсе бастаған, қыз қалғып ұйқыға кеткен, бұтына бірдеңе тигендей болған, шошып оянып қараса, жүргізуші бір қолымен рульде, бір қолымен санын сипап тіпті, «ана жеріне» қарай қолы кеткен ғой. Нестерін білмей, ашуланып, әрі артын ойлап қорыққанғо, тоқтап өлтіріп кетсе ше деп, жолдары жүретін қап қараңғы екен жарық жоқ, машинаның. Жұлқып қолын лақтырып жіберіп, сөз айтуға қорқып, үндемепті. Теріс қарап жылап... Мен де сөйлеп жатырмын, суретке түсіру керек еді деп. Сөйтсем, «өлтіріп кетеді» деп қорыққан екен. Сол үшін үндемепті. Таксиге отырғанда нөмерін, бәрін туыстарға жіберу керек! Сосын алдына отырмау керек. Сондай жағдай болғандар болса қорықпай полицияға арыз жазу керек!», - деп жазды Л.Рақышева.