01.10.2024, 21:30

Алматыда жүргізуші жанында келе жатқан көлікке оқ жаудырған (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

Кадрлардан екі көліктің жолда қатар келе жатқанын көруге болады.

Желіде көлік жүргізушісінің жанында келе жатқан көлікке оқ атқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиға Алматы қаласында болған. Кадрлардан екі көліктің жолда қатар келе жатқанын көруге болады. Бір кезде қара Hyundai көлігінің жүргізушісі терезеден тапанша шығарып, көрші көлікке оқ атады. Қақтығыстың себептері белгісіз.

Алматы полиция департаменті видеоға қатысты мәлімдеме жасап, видеодағы жүргізушілердің ұсталғанын хабарлады. 

Бұл факті бойынша Жетісу аудандық ішкі істер бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, – делінген полиция хабарламасында.