Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Түркістан облысында күйеуі екі досымен бірге әйелін күштеп байлап, психикалық сауықтыру орталығына жатқызған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жәбірленуші әйелдің айтуынша, отбасындағы жанжалдан кейін күйеуі екі досымен бірге оны байлап, Шымкенттегі облыстық психикалық денсаулық орталығына апарған.
Күйеуі осы орталықтың қызметкерлерімен алдын ала келісіп, әйелді ақыл-есі кем деген диагнозбен орталыққа орналастырыпты. Әйел емханада үш күн жатқан.
Сондай-ақ, әйел осы мекемеде болған кезде орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне куә болғанын да айтты.
Әйел Түркістан қалалық полиция басқармасына арыз жазып, полиция қылмыстық іс қозғаған. Алайда, 2024 жылдың тамыз айында қылмыстық іс белгісіз себептермен жабылып қалған.
Қазір Түркістан қаласының прокуратурасы қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жойып, қылмыстық іс қайта қозғалды.