02.10.2024, 23:30

«Кішісі – 3, үлкені – 66 жаста»: Қазақстанда Атом есімді 5 адам өмір сүреді

Фото: pixabay

Бұл есім иелері Ақмола мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында тұрады.

Ұлттық статистика бюросы берген соңғы дерекке сай Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәлім болғандай, Қазақстанда Атом есімді 5 адам бар. Ең кішісі 3 жаста, ал үлкені – 66 жаста. Бұл есім иелері Ақмола мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында тұрады.

Сонымен қатар, құрамында "атом" сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі:

– Атомжан – 2 адам

– Атомбек – 6 адам

– Атомвек – 2 адам

– Атомтай – 1 адам

Айта кетейік, аталған есім иелерінің 80%-ы 47 жастан асқан және олар Қазақстанның 11 өңірінде тұрады.