Күндіз батыста 23-30 градусқа дейін жылы болса, солтүстікте және шығыста 15-23 градусқа дейін күн жылынады.
5-7 қазан аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде 30 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, скандинавиялық антициклонның ықпалымен еліміздің батысында, 5-6 қазанда республиканың солтүстік және шығыс облыстарында ауа райы құрғақ және ашық болады.
Күндіз батыста 23-30 градусқа дейін жылы болса, солтүстікте және шығыста 15-23 градусқа дейін күн жылынады. Дегенмен түнде ауа температурасы нөлден төмен мәндерге дейін төмендейді.
7 қазанға қарай солтүстік пен шығысқа суық атмосфералық фронт пен жаңбырлы бұлттар тарай бастайды, сондықтан жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), желдің күшеюі және күндізгі ауа температурасының төмендейді.
Ал елдің оңтүстігінде және орталығында, атмосфералық фронттардың әсерінен 5-7 қазан аралығында жаңбыр жауады.
6-7 қазанда таулы аймақтарда қатты жаңбыр мен найзағай, жел күшейеді, түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман болады.