Ол бапкерлері айтқан тактика бойынша Жамбыл облысының боксшысын ұтты.
Бокстан Шымкентте Кеңес Одағының батыры Қараоқозы Әбдіалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде 67 келі салмақта өнер көрсеткен Мұхамедсабыр Базарбайұлы чемпион атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстан бокс федерациясының Instagram парақшасындағы мәліметке сүйенсек, Париж Олимпиадасынан кейін алғаш рет шаршы алаңға шыққан ұлттық құрама мүшесі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 67 кг салмақ дәрежесінде чемпион болды.
«Бүгін 67 келіде чемпион болдым. Бұл салмақта алғаш рет жарысқа қатысқан жайым бар. Бапкерлердің еңбегінің арқасында барлық қарсыласымнан түстім. Осымен тоқтамай, ары қарай биіктен көріну үшін барымды саламын. Бапкерлер айтқан тактикамен Жамбыл облысының боксшысын ұттым», - деді боксшы.