$ 492.65  525.71  5.03

Алматы хостеліндегі өрт: Оқиғаға байланысты сот отырысы басталды

2023 жылдың желтоқсан айында хостелдің басшысы ұсталды. 

Фото: Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Былтыр Алматыда 30 қараша күні болған хостелдегі өрттен 13 адам қаза тапқан. 13 адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиғаға байланысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға былтыр Алматыдағы Әди Шәріпов, 86 мекенжайы бойынша «Almaty Hostel» хостелінде болған.

Іс Алмалы аудандық сотында судья Ернар Қасымбековтің төрағалығымен қаралып жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша екі адамға айып тағылып отыр.

2023 жылдың желтоқсан айында хостелдің басшысы ұсталды. Осыған дейін Алматы қаласының прокуратурасы хостелдегі өртке байланысты тергеудің аяқталғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары