$ 481.84  531.33  5.07

«Анасының артынан кете барды…»: Әнші Гүлнар Сиқымбаева дүниеден өтті

Бұл туралы белгілі журналист Оралхан Дәуіт өзінің парақшасында жазды.

Фото: автордың парақшасынан
Фото: автордың парақшасынан

Танымал әнші Гүлнар Сиқымбаева дүниеден өтті деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы белгілі журналист Оралхан Дәуіт өзінің парақшасында жазды.

«Қайран, Гүлнәр әпке…Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз.

Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқ астынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз…

Алла Тағалам о дүниеңізді берсін.
Ағайын, бүгін белгілі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Гүлнар Сиқымбаева қайтыс болды.
Жаназасы ертең Түркістан облысы Төлеби ауданы Жамбыл ауылында өтеді», - деп жазды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары