$ 494.87  520.65  4.91

Теміртауда тәрбиеші балабақшаға мас күйде келіп, балаларға күш көрсеткен (ВИДЕО)

Аталған іске байланысты тергеу басталды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Теміртауда тәрбиеші мас күйде балабақшаға келіп, балаларға агрессивті қарым-қатынас жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Айгөлек" мемлекеттік балабақшасында орын алған оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізілуде. Тәрбиеші жұмыстан уақытша шеттетілді. Қызметтік тексеру нәтижелері бойынша жауапты тұлғаларға, жұмыстан шығару шараларына дейін, объективті шешімдер қабылданады", – деп хабарлады Теміртау қаласының білім бөлімі.

30 қыркүйек күні полицияға анонимді қоңырау түсіп, тәрбиешінің балабақшада балаларға дөрекі әрекет етіп, мас күйде жүргені туралы хабарланған. Полицейлер шақырту бойынша келіп, тәрбиешіні медициналық сараптамаға алып кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары