06.10.2024, 12:30

«Табысты болыңдар!»: Экс-президент Назарбаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді

Фото: Видеодан алынған кадр

Назарбаев "Астана опера" театрында орналасқан №256 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Назарбаев "Астана опера" театрында орналасқан №256 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.

"Табысты болыңдар! Бақытты болыңдар!", -  деді Назарбаев.  

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс беруге қатысқанын жазған болатынбыз.