$ 486.44  534.31  5.06

Израильде теракт болды: Қаза болған мен жараланғандар бар

Куәгерлердің айтуынша, атыс үш жерде болған.

Фото: Меир Эвен-Хаим
Фото: Меир Эвен-Хаим

Израильдің Беэр-Шева қаласындағы автовокзалда теракт болды. Салдарынан 20 жастағы қыз қаза болып, тағы сегіз адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Вести Израиль сайтына сілтеме жасап.

"Беэр Шева" орталық автовокзал кешенінде қаруланған лаңкес оқ жаудырды. Тоғыз адам жарақат алды. Көп ұзамай20 жастағы бойжеткен мерт болды.

Лаңкестің өзі де өлтірілді. Полиция оның кім екенін анықтады. Ол Негевтегі көшпелі бәдәуилер лагерінің тұрғыны, соттылығы болған.

Куәгерлердің айтуынша, атыс үш жерде болған. Біреуі тіскебасар сататын жердің жанында, екіншісі дәмханада, үшіншісі – жолаушылар терминалына кіре берістің жанында.

Беэр-Шевадағы орталық автовокзалдағы терактіден зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр, тағы төрт адамның жағдайы орташа, екеуі жеңіл жарақат алды.

Полиция лаңкестің сыбайластарын іздеп жатыр. Полицейлер азаматтарды автовокзалға жақындамауға шақырды. Сондай-ақ полицейлер лаңкестік оқиға болған жердің жанынан қызыл көлікті көргендерден дереу полиция шақыруын сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары