07.10.2024, 11:00

Қызылордада аяғына айыр кірген баланы құтқару сәтінің видеосы тарады

Фото: видеодан алынды

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екенін еске салды.

Қызылордада 2017 жылы туған ұл баланың аяғына айыр кіріп кеткен. Құтқарушылар балаға көмектесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, оқиға қала маңындағы Махамбет ауылында болған.

«Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық құралдардың көмегімен қысқа мерзімде айырдың тісін кесіп, баланың аяғын босатты. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды», - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екенін еске салды.