$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде қызметкер қаза тапты

Аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Қарағанды облысындағы дала өртін сөндіру кезінде өртсөндіруші қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

6 қазанда Қарағанды облысында Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өртсөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты. Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары қайтыс болған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.

Еске салайық, 6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылының маңында құрғақ шөп өртеніп кетті. Өрт орнына орман шаруашылығының, ТЖД күштері мен құралдары және ерікті өртке қарсы құралымдар дереу жіберілді.

Шақыру орнына келген кезде алдын ала 40 гектар алқапта жану байқалды. Өртті сөндіру барысында өңірдің ТЖД екі қызметкері және ерікті өртке қарсы құралымның бір қызметкері күйік алды. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді, онда дәрігерлер оларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағында өрттен зардап шеккен тағы бір тұрғынды Қарағанды қаласының ауруханасына жеткізді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жеңіл күйік алған.

Күндіз дала өрті Павлодар облысының шекарасынан "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің" ормансыз аумағына көшті. Өрт орнына "Қазавиақұтқару" тікұшақтары барды. Тікұшақ құрылғысына суды Шалқаркөл көлінен қармап алып, сағат 17-00 жағдай бойынша өрт ошақтарына 6 рет жалпы көлемі 18 тонна су төгілді.

Сондай-ақ аэровизуалды барлау барысында Желтау кентінің тұрғындарын алдын ала эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Қауіпсіз жерге 18 адам, оның 8 бала 
эвакуацияланды.

ҚР ТЖМ Командалық орталығында штаб жұмыс істеуде. ТЖ вице-министр Еран Нұрпейісов өрт орнында. Қарағанды облысының әкімі де оқиға орнына барды. Құтқарушылар тобы қосымша күштер мен құралдармен толықтырылды.

Өрт орнында Қарағанды және Павлодар облыстарынан ТЖД, ЖАО, ЭТРМ күштері жұмылдырылды: жеке құрамнан 183 адам, 56 бірлік техника және 4 тікұшақ. Өрттің алдын ала ауданы 3000 гектардан асты.

Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары