$ 495.2  522.34  4.94

«Қатыгез әрі ұсқынсыз»: Аргентиналық боксшы Ангелина Лукасты «алаяқ» деп айыптады

Ол қазақстандық боксшы қыздың қарсыласын 4-5 рет тістеп алғанын, бірнеше рет желкеден ұрғанын айтты.

Фото: sport-pulse.kz
Фото: sport-pulse.kz

6 қазанда 10 раундқа созылған жекпе-жек нәтижесінде қазақтандық спортшысы Ангелина Лукас төрешілер шешімімен жеңімпаз атанған. Осы жекпе-жектен соң, Ангелинадан жеңіліп қалған аргентиналық боксшы қыз оны «алаяққа» теңеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

IBO чемпиондығы үшін болған жекпе-жекте қазақстандық боксшы Ангелина Лукастан (11-1, 5 КО) жеңіліп қалған аргентиналық Дебора Лопес (11-1, 5 КО) әділетсіздікке тап болған көрінеді.

«Біз жеңгенімізді көріп отырмыз және содан ләззат алдық. Ал олар алаяқтыққа барды, қолғабын ауыстырып, тағы біраз әрекет істеді. Олар менің жеңісімді ұрлады. Бірақ біз атқарылған жұмысқа көңіл толатынын айтқымыз келеді. Сондықтан қолдау үшін баршаңызға тағы да алғыс айтамын. Құдай қаласа, желтоқсанда АҚШ-та жекпе-жек өткіземін», - деп мәлімдеді Лопес жекпе-жектен соң.

Бокс туралы жазатын Х желісіндегі Tim Boxeo парақшасы да Лукастың лас жұдырықтасқанын жазған. Ол қазақстандық боксшы қыздың қарсыласын 4-5 рет тістеп алғанын, бірнеше рет желкеден ұрғанын айтты.

«Қатыгез әрі ұсқынсыз жекпе-жек. Төрешілердің ресми ұпайы: 97-92, 95-94, 95-94. Лопестен алтыншы раундта желкеден ұрғаны үшін бір ұпай алынды. Осы уақыт аралығында Лукас қарсыласын ұстап алып, желкесінен ұрды және кем дегенде Лопесті 4-5 рет тістеп алды, алайда айқас соңында одан бірде-бір ұпай алынған жоқ», - деп жазды автор.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары