07.10.2024, 16:00

817 миллион теңгеден асады: Қай елдің Президенті ең көп жалақы алады?

Коллаж: sn.kz

Үшінші орында жылына 412,5 мың доллар (199 миллион теңгеден астам) жалақы алатын Австралия премьер-министрі Энтони Албаниз.

Ең жоғары жалақы алатын мемлекет басшылары анықталды. Осылайша көрсеткіште бірінші орынға Сингапурдың премьер-министрі Лоуренс Вонг жайғасты. PoliticalSalaries басылымына биліктегі жоғары лауазымды тұлғалардың жалақысы туралы кесте жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Басылым мәліметінше, саясаткердің жалақысы жылына шамамен 1,69 миллион доллар (817 миллион теңгеден жоғары).  Ал рейтингте екінші орында Швейцария президенті Виола Амхерд. Оның жалақысы жылына 569,5 мың доллар (275 миллион теңгеден аса). Үшінші орында жылына 412,5 мың доллар (199 миллион теңгеден астам) жалақы алатын Австралия премьер-министрі Энтони Албаниз.

Одан кейінгі орынды жылдық табысы 400 мың доллар (193 миллион теңгеден астам) болатын АҚШ президенті Джо Байден иеленді. Бесінші орынды жылына 316,7 мың доллар (153 миллион теңгеден астам) жалақы алатын Австрия канцлері.

Тізімнің алтыншы орнын жылына 310,5 мың доллар (150 миллион теңгеден астам) жылдық табысымен Жаңа Зеландияның премьер-министрі Кристофер Лаксон иеленді. Жетінші орында жылына 310,5 мың доллар (150 миллион теңгеден астам) жалақымен Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо.

Германия канцлері Олаф Шольц сегізінші орында. Оның жылдық табысы 293,3 мың доллар (141 миллион теңгеден аса). Тоғызыншы орында жылына 276,4 мың доллар (133 миллион теңгеден аса) жалақы алатын Жапония премьер-министрі Сигэру Исиба тұр. Ирландияның премьер-министрі Саймон Харрис ең жоғары жалақы алатын ондықты аяқтады Оның жылдық табысы 267,3 мың доллар (129 миллион теңгеден аса).