07.10.2024, 16:20

Атырауда 25 жастағы жігіт әке-шешесін өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсады

Фото: РБК

Аталған іске байланысты тергеу амалдары басталды.

Атырау облысының полициясы екі адамның өлімі мен суицид дерегін тергеп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, ерлі-зайыптыны өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ қайтыс болған ер адам мен әйелдің ұлының денесі табылған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 25 жастағы жігіт 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, кейіннен  өз өзіне қол салған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада. 

Ведомствоның хабарлауынша, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.