$ 488.26  530.54  5.03

6 мың гектар жерді шарпыды: Павлодар облысындағы дала өртінің аумағы бір күнде екі есе ұлғайды

Тілсіз жаумен күресуге барлық қажет күштер тартылды.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Баянауыл ұлттық саябағында болған өрт бүгін таңертең оқшауланды. Бұл туралы жексенбі күні кешке оқиға орнында жүрген Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өзінің желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Кеше шұғыл түрде дала өртінің Қарағанды облысынан Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ормансыз аумағына өткен Баянауыл ауданына бардым. Өрт шалған жердің аумағы шамамен 6 мың гектарға тең. Жағдай қалың өскен шөптердің және 12-15 м/с екпінді желдің салдарынан өршіп кетті. Өрт ошақтарын жою орнында өңірлік жедел штабтың отырысын өткіздім. Тілсіз жаумен күресуге барлық қажет күштер тартылды: 310 адам, 51 арнайы техника, 2 тікұшақ, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) жұмыс істеп жатыр", – деп жазды Павлодар облысының әкімі.

Әкім қазір өрт оқшауланғанын және жою жалғасып жатқанын айтты. 

"Өңірде құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Мұндай өрттердің негізгі себептерінің бірі - шөп шабу кезінде қолданылатын техникалардағы ұшқын сөндіргіш құрылғылардың істемеуі. Сондықтан барлық шаруа қожалықтарынан міндетті түрде ұшқын сөндіргіш құрылғылар болуға тиіс. Қолданыстағы техникаларды тексеруді, сондай-ақ өз шаруашылықтары мен үйлерінің, әсіресе, шөп қоры сақталатын орындардың айналасын уақытында жыртуды сұраймын", – деп талап етті әкім.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары