$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда АЭС салына ма? – Референдум қорытындысы жарияланды

Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады.

Фото: Canva
Фото: Canva

Орталық референдум комиссиясы Республикалық референдумның нәтижелерін белгіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады.

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% құрады.

Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады.

Осылайша, референдум өтті деп саналады.

Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды.

Қазақстанда АЭС салу жөніндегі референдумның соңғы шешімі белгілі болды

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары