Пошта ғимаратындағы жалынды сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 15, апаттық медицина орталығынан 3 қызметкер, 1 техника тартылған.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, оқиға 8 қазанда болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Таңертеңгі сағат 09:12-де Атырау қаласы маңындағы Томарлы ауылында орналасқан «Қазпошта» АҚ-ның филиалынан шақырту түсті. Шақырту орнына құтқарушылар жедел жетіп, ғимараттың төбе жабындысының өртенгенін анықтады. Жалын сағат 09:39-да оқшауланып, сағат 09:47-де толық сөндірілді», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Өрттен ешкім зардап шекпеген. Пошта ғимаратындағы жалынды сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 15, апаттық медицина орталығынан 3 қызметкер, 1 техника тартылған.