08.10.2024, 16:20

Нүкенованың ағасы Талғарда қайтыс болған бозбаланың отбасына тегін адвокат тауып берді

Фото: подкастан скрин

Сондай-ақ бұл іске құқық қорғаушы Саида Тәуекелова қосылған.

Құқық қорғаушы Айтбек Амангелді Талғардағы төбелесте көз жұмған 16 жастағы Шерзаттың отбасы үшін адвокаттармен келісіп, адвокаттар тегін көмек көрсететін болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біз Шерзаттың отбасына үш адвокат тауып бердік. Олар тегін көмектесуге келісті. Қазір тергеу жүріп жатыр. Адвокаттар орган өкілдерімен бірлесіп, жәбірленушілерден жауап алып жатыр. Іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалған. Жанжал кезінде марқұм баланың әкесі мен ағасы да зардап шеккен», - деді Айтбек Амангелді.

Марқұмның отбасына адвокат Асқар Қаймақов, Карина Көшербаева, Марал Жайлаубаева көмектесетін болады. Сондай-ақ бұл іске құқық қорғаушы Саида Тәуекелова қосылған.