$ 494.87  520.65  4.91

«Ерте тұрып үйренгенмін, уақыттан қиналмаймын»: Роман Скляр бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты пікір білдірді

Бұл кейбіреулер үшін қолайлы, ал басқасына қолайлы емес.

Фото: LinuxTheBest
Фото: LinuxTheBest

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр еліміздегі бірыңғай сағат белдеуін енгізуге орай қазақстандықтардың шағымына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Үкімет отырысында журналистер Қазақстанның бұрынғы уақыт белдеуіне қайтуы қаншалықты мүмкін екенін сұрап, халықтың басым бөлігі бұрынғы уақытты аңсайтынын айтты. 

“Бұл – әрине, маңызды сұрақ. Қоғамның басқа бір бөлігі, керісінше, жаңа уақыт белдеуін құптайды. Мысалы Ташкент пен Шымкент жақын орналасқан, соған қарамастан ол жерде бір сағаттық айырмашылық болды, ал қазір уақыт айырмасы жоқ. Олар да біз сияқты уақыт белдеуінде өмір сүрді, ешкім ренжіген жоқ. Бұл кейбіреулер үшін қолайлы, ал басқасына қолайлы емес.

Ал жеке өзіме келсек, мен өте ерте тұрып үйренгенмін, сол үшін маған ұнайды. Менің кейбір достарым ұзақ ұйықтайтындықтан, ұнатпайды, басқалары, керісінше, ұнатады. Яғни, бұл жерде әлі де барлық оң және теріс жағын таразылау керек", – деді Роман Скляр.

Ол бірыңғай уақыт белдеуінің әсерін әлі де бақылау қажет деп санайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары