Бұйрық 2024 жылғы 15 қазанда күшіне енеді.
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығымен Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қағидалар кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі (Тізілім) кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы ақпаратты қамтитын электрондық дерекқор болады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің санатын айқындау Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабында және Жұмыскерлердің орташа жылдық санын және кәсіпкерлік субъектілерінің орташа жылдық кірісін есептеу қағидаларында көрсетілген өлшемшарттар мен олардың шекті мәндеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтерді Тізілім автоматтандырылған тәртіпте өңдейді және жыл сайын 15 желтоқсанға дейін жаңартылып отырады.
Тізілімді қалыптастыруды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы алынған ақпарат негізінде мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға тіркелген кәсіпкерлік субъектілері туралы мынадай мәліметтерді ұсынады:
шаруашылық жүргізуші субъектінің БСН; шаруашылық жүргізуші субъектінің соңғы үш жылдағы табысы туралы, сондай-ақ жұмыскерлердің саны туралы деректер және шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеу деректері; ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көзделген қызмет түрлеріне рұқсаттар туралы ақпаратты алу үшін рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган тіркелген және таратылатын кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтерді:
заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді) тіркеу деректері: заңды тұлғаның БСН; заңды тұлғаның атауы; заңды тұлғаның тіркелген күні; заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны; «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның 6-бабына сәйкес заңды тұлға белгілеген кәсіпкерлік субъектілерінің санаты.Тізілімді кейіннен жүргізу үшін Мемлекеттік кірістер комитеті салық органдарына кәсіпкерлік субъектілері ұсынған салық есептілігінің деректері негізінде мынадай мәліметтерді жібереді:
тіркелген және таратылған (оның ішінде қызметін тоқтатқандар) дара кәсіпкерлерді тіркеу деректері; өткен күнтізбелік жылдағы жиынтық жылдық кіріс сомасы туралы деректер (оның ішінде қызметін арнаулы салық режимдерінде жүзеге асыратын субъектілер бойынша); өткен күнтізбелік жылдағы қызметкерлердің саны туралы деректер.Тізілімдегі мәліметтерді өзгерту келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
Тізілімнің ақпараттандыру, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитеті саласындағы уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерімен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде алынған ағымдағы ақпарат негізінде; шаруашылық жүргізуші субъектінің СРК ақпаратындағы қатеге байланысты санатты өзгерту туралы өтінішін қанағаттандыру. Мемлекеттік кірістер комитетінің кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға салық төлеуші жібергенге дейін табыс еткен салық есептілігінің деректеріне сәйкес келмейтін мәліметтерді ұсынуы қате болып есептеледі. Салық төлеушілер туралы мәліметтерді олардың қосымша салық есептілігін табыс етуіне байланысты тиісті жылдың 15 қарашасынан кейін өзгерту қате болмайды; салық төлеушілер келіскен немесе дұрыстығы сотпен расталған салық тексерулерінің нәтижелері бойынша мәліметтерді өзгерту туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өтініші.Тізілімге өзгертулер қалай енгізіледі?
Кәсіпкерлік субъектісі белгілі бір санатпен келіспеген жағдайда, растайтын құжаттардың көшірмелерін міндетті түрде қоса бере отырып, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға өтініш береді; кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган осы өтініштерді екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік кірістер комитетінің қарауына жібереді; Мемлекеттік кірістер комитеті аталған өтініштердің негізділігін қарайды және он жұмыс күні ішінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға тиісті жауап береді;кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:
кәсіпкерлік субъектісінің өтінішінің негізділігі туралы жауап алынған жағдайда үш жұмыс күні ішінде тізілімге тиісті өзгерістер енгізеді және санатты қайта есептейді; шаруашылық жүргізуші субъектінің өтінішінің негізсіз екендігі туралы жауап алынған жағдайда тізілімге өзгерістер енгізуден бас тартады; егер ӘКК салық органдарына салық есептілігін тапсыру кезінде шаруашылық жүргізуші субъектінің өзі қате жібергені туралы жауап алса, ол тізілімге өзгерістер енгізеді.Ақпараттық өзара іс-қимыл бекітілген техникалық талаптар негізінде ШЭП арқылы сервераралық республикалық деңгейде жүзеге асырылады.
Ақпарат алмасу ҰКО берген электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, «сұрау-жауап» режимінде электрондық хабарламалар арқылы жүзеге асырылады.
Тізілім кез келген мүдделі тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар үшін кәсіпкерлік субъектілерінің санаты туралы мәліметтердің негізгі көзі.
Кәсіпкерлік субъектілерінің санаты туралы ақпарат мүдделі тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға өз жұмысында пайдалану үшін электронды түрде ұсынылады.
Бұйрық 2024 жылғы 15 қазанда күшіне енеді.