09.10.2024, 16:20

Astana LRT-ның экс-басшысына қатысты іс сотқа жолданды

Фото: inbusiness.kz

Тергеу жинаған дәлелдер олардың іс-әрекетіне сырттай баға беруге жеткілікті болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі «Astana LRT» ЖШС бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға, сондай-ақ «Астана банкі» АҚ бұрынғы мажоритарлық акционері Олжас Тоқтаровқа қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.

«Тергеу барысында сотқа дейінгі тергеу органы аталған тұлғаларды Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 208-бабының 1-бөлігіне сәйкес жауап алуға шақырды. Күдіктілер Қазақстан Республикасынан тыс жерде болғандықтан және тергеуге келуден жалтарғандықтан Антикор ҚПК 205-бабын басшылыққа ала отырып, күдіктілерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шақырды. Бірақ олар жауап беруге келген жоқ. Тергеу жинаған дәлелдер олардың іс-әрекетіне сырттай баға беруге жеткілікті болды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жүріп жатыр. 19 қыркүйекте қылмыстық іс сотқа жолданды», - деді Бигайдаров брифингте.