Медеу аудандық полиция Басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Алматыда 9 қазан таңертең экс-судья Светлана Жолманова алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Экс-судья ұсталғаннан кейін тергеу амалдарын жүргізу үшін Медеу аудандық полиция бөліміне жеткізілген.
«Медеу аудандық полиция Басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Еске салсақ, бұған дейін Медеу аудандық сотының экс- судьясы Светлана Жолманованың үстінен іс қозғалған.