Ол Қазақстандағы беделді қылмыстық тұлғалардың бірі болған.
Қазақстандағы атышулы ұрылардың бірі Леха Семипалатинский Карелия колониясында өлі табылды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Kozachkov Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Карелияда қатаң режимдегі колониясында 66 жастағы қазақстандық "ұры" Айткали Маймушевтің өлі денесі табылды. Криминалдық ортада Леха Семипалатинский ретінде танымал болған Маймушев Надвоицы ауылындағы ИК-1 колониясында асылып қалған.
Айткали Маймушев, Қазақстанның Семей қаласында (бұрынғы Семипалатинск) дүниеге келген. Ол Қазақстандағы беделді қылмыстық тұлғалардың бірі болған. Оның қазасының мән-жайы әлі анықталуда.