Тиісті ақпаратты аймақ әкімдігі растады.
Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылында 15 жастағы оқушыдан қатарластары ақша бопсалаған. Бұл оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мектеп директоры Дархан Накысбеков қызметінен кеткенін растады. Ақпаратқа сәйкес, мектеп басшысы өзінің өтініші негізінде жұмыстан босатылған.
Айта кету керек, осыған дейін Алматы облысында оқушы қыздар қатарластарынан ақша бопсалағанын жазған болатынбыз. Қыздардың ата-аналары жауапқа тартылды.