11.10.2024, 15:40

«Кілемдер мен 2 тонна бояу өртенді»: Шымкентте қойма отқа оранды (ВИДЕО)

Фото: t.me/qr_tjm

Қызыл жалынды сөндіруге ТЖД-ның 64 қызметкері және 17 техника бірлігі жұмылдырылды.

Шымкент қаласындағы Сәуле шағын ауданында бір қабатты ангар типті қоймада өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт қазір оқшауланған. Қызыл жалынды сөндіруге ТЖД-ның 64 қызметкері және 17 техника бірлігі жұмылдырылды.

"Әл-Фараби ауданы, Сәуле шағын ауданындағы Ерден көшесінде орналасқан қоймада 750 шаршы метр аумақта кілемдер мен 2 тонна бояу жанған. Зардап шеккендер туралы 112 нөміріне ақпарат түспеген", – делінген хабарламада.