Бала асырап алудың төрт жолы бар.
Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы тағы да балалы болуға қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
БАҚ өкілі екі ұлының қарындасы болғанын қатты қалайтынын жеткізді.
"Ұлдарым маған үнемі қыз асырап алайықшы деп айтады. Бала асырап алудың төрт жолы бар: асырап алу, қамқоршылыққа алу, патронат және өз отбасына қайтарылады”, – деп жазды журналист.
Еске салайық, медиа маманы марқұм жолдасының биоматериалы сақталғанын айтқан болатын.
“ЭКҰ арқылы бала жасауға болады, Қайраттың биоматериалы да сақталған. Бір әкеден болғаны жақсы. Бірақ мен қаншалықты ана болуға дайынмын? Кіші балам 15-те. Екіншіден, ол баланы өсіруге шамам жете ме? Қазір 47-де болсам, 60 жасымда баламның жасы 10-нан асып тұрады. Алла жеткізеді дейді ғой, бірақ жүрегімде қорқыныш бар", – деген еді тележүргізуші.