12.10.2024, 02:30

Димаш Құдайберген Алматыда теннис турнирінің аясында өнер көрсетеді

Фото: mk-kz.kz

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Димаш жарыстың ашылу салтанатында ән айтады.

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 15 қазанда теннистен ерлер арасында халықаралық турнир аясында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Димаш жарыстың ашылу салтанатында ән айтады.

Қазанның 13-і мен 20-сы аралығында «Алматы Аренада» алғаш рет Almaty Open ATP 250 — теннистен ерлер арасында халықаралық турнирі өтеді.

Димаш Құдайбергеннің қатысуымен өтетін ашылу салтанаты 15 қазан сағат 18:00-де болады (iс-шараға тек кешкі сессия билетінің иелері қатыса алады).

Еске салсақ, бұған дейін Димаш Құдайберген Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында елордада екі күн бойы концерт берді.