Қазақстанда шығатын азық-түлік те қымбаттап кетеді. Бидай оратын техника шеттен келеді, бидайды ұн етіп, макарон шығарса, өңдейтін құрал-жабдықтың бәрі шетелден валютамен келеді. Жалпы халық не істемек?
Қазақстан сияқты өзінде ешнәрсе өндірмейтін елдерде тұратын адамдардың өмір сапасы еңбек өнімділігіне байланысты емес. Бұл туралы журналист әрі баспагер Шыңғыс Мұқан желіде пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның пайымдауынша, доллардың тұрақсыздығы ел экономикасына әсер етіп жатыр.
«Қазақтар аю секілді... Доллар кетті домалап… Кейде осы валютасы тұрақты елде тұрғың келеді. Неге?
1) Сенің өмір сапаң долларға емес, еңбек өнімділігіңе байланысты болады:
А) Бұрын 100 мың теңгеге үш киім алсаң, енді екі киім аласың;
Ә) Бұрын төрт дәрі алсаң, қазір үшеуін аласың;
Б) Бұрын теледидарды бөліп төлеу шартымен 12 айға алсаң, енді 18 айға аласың. Осылай кете береді, себебі Қазақстан сияқты өзінде ешнәрсе өндірмейтін елдерде тұратын адамдардың өмір сапасы еңбек өнімділігіне байланысты емес.
2) Айлығың азайып қалады:
А) Бұрын 250 мың теңге айлық біразға жететін сияқты еді, қазір жетпейді. Айлығың азайып қалған жоқ, теңгең құнсызданып, заттар қымбаттап кетті;
Ә) Тіпті Қазақстанда шығатын азық-түлік те қымбаттап кетеді.
Бидай оратын техника шеттен келеді, бидайды ұн етіп, макарон шығарса, өңдейтін құрал-жабдықтың бәрі шетелден валютамен келеді. Ең соңында, өзіңді аю сияқты сезінесің. Жазымен жүгіріп аң аулап, біраз май жинап аласың. Бір ұйықтап тұрсаң, түгің қалмайды, арып-ашып, күніңді әрең көріп жүресің немесе қолға үйретілген атжалман секілді. Шығыршықта қанша жүгірсең де, аузыңа тиетіні бір уыс бидай. Сондықтай да ойлайсың, адам өмірге бір-ақ рет келеді, атжалман сияқты босқа жүгіріп өткізгенше, валютасы тұрақты елде — тұрақты табыс тауып жүрген жақсы емес пе? Олай істеу жалпы халықтың қолынан келмейді. Жалпы халық не істемек?
P.S. Әлемге коммунизм мен капитализм деген идея беріп, адамзатты жынды қылып қойған немістің екі ұлысы — Маркс пен Энегльс. Берлинде. Былтыр барғанымда әдейі іздеп барып, суретке түстім», – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.