Сондай-ақ, оқиғаға байланысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады.
Алматы облысында Талғардағы жанжал кезінде қайтыс болған 16 жасар Шерзат Болаттың үй өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ТЖД мәліметіне сәйкес, 12 қазан күні сағат 00:50-де үйді жалын шарпыған. Өрт 01:38 оқшауланып, сағат 01:43-де толығымен жойылған.
- Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында, - деп хабарлады ТЖД.
Алматы облысының Полиция департаменті Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта куәгерлерден жауап алынып, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатыр.
Сондай-ақ полиция мәліметіне сәйкес, марқұм Шерзат Болаттың отбасы полиция қызметкерлерінің қорғауына алынған.
- Келіп түскен арызға сәйкес 4 қазанға қараған түні Талғар ауданында қаза тапқан кәмелетке толмаған баланың отбасы күзетпен қамтамасыз етілген. Отбасының тұрғылықты жері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің тарапынан тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.