12.10.2024, 15:30

Белгілі әнші Рамазан Елібаев өмірден өтті

Фото: видео скриншот

Өнер қайраткерінің қазасы туралы хабарды балалары жариялады.

Әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Елібаев дүниеден өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер қайраткерінің қазасы туралы хабарды балалары жариялады.

Марқұмның жаназасы 13 қазан күні Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте шығарылады.

Рамазан Елібаев 1947 жылы дүниеге келген. Ол — белгілі қазақ әншісі және композиторы, «Нұрекем», «Тұмарым», «Жаным-ау», «Не пая» әндерінің авторы және орындаушысы.