$ 487.37  532.94  5.09

Министр Бекзат Саттарханов пен Денис Теннің аналарымен кездесті

Сондай-ақ алдағы уақытта қос саңлақты жастар арасында насихаттау мақсатында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. 

Фото: instagram.com / qazsport_official
Фото: instagram.com / qazsport_official

ҚР Туризм және спорт министрі Бекзат Саттарханов пен Денис Теннің аналарымен кездесті. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы "Qazsport" телеарнасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханованы және Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің анасы Оксана Тенді қабылдады.

Министр халықаралық аренада еліміздің көк туын көкте желбіретіп, әнұранымызды байрақты бәсекелерде шырқатқан саңлақ спортшыларымыз бүгінде арамыздан алыстап кетсе де, есімін ел жадында мәңгі сақтау жолында қос ананың аянбай еңбек етіп жүргенін атап өтті.

Сондай-ақ алдағы уақытта қос саңлақты жастар арасында насихаттау мақсатында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары