$ 492.14  528.85  5.01

«Біреу мемлекетке қарсы әрекет етіп жатқандай»: Саясаттанушы Шерзаттың үйіне қойылған өрт туралы пікір білдірді

Саясаттанушының айтуынша, марқұмның отбасының үйінің өртенуі – алаңдаушылық туғызатын жағдай.

 

Фото: Orda kz
Фото: Orda kz

Алматы облысындағы Талғарда қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың үйінің өртенуіне қатысты саясаттанушы Ғазиз Әбішев пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Саясаттанушының сөзінше, біреу мемлекетке қарсы шығып жатқандай. 

“Біреу қазақ мемлекетіне қарсы әрекет жасап жатқан сияқты. Олар “Мемлекет, сен өздігіңнен ештеңе емес екеніңді, ешкімге құрмет көрсетпейтініңді, заң мен тәртіпті сақтай алмайтыныңды және бөлшектеніп бара жатқаныңды біз білеміз” деп айтқысы келетін секілді”, – деді саясаттанушы. 

Саясаттанушының айтуынша, марқұмның отбасының үйінің өртенуі – алаңдаушылық туғызатын жағдай. Оның пайымдауынша, ертең мұндай оқиғалар мемлекеттік қызметкерлерге – судьяларға, құқық қорғау қызметкерлеріне және шенеуніктерге әсер етуі мүмкін.

Оның ойынша, Талғар маңындағы оқиғалар мемлекеттің өміршеңдігіне қатысты мәселені көтереді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары