$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысының бұрынғы әкімі дүние салды

Қайғылы хабарды облыс әкімі Құмар Ақсақалов Instagram парақшасында жазды.

Фото: Instagram/qumaraqsaqalov
Фото: Instagram/qumaraqsaqalov

Қостанай облысының бұрынғы әкімі Кенжебек Укин қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайғылы хабарды облыс әкімі Құмар Ақсақалов Instagram парақшасында жазды.

«Кенжебек Укинович Укиннің өмірден озғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Ол елдің дамуына үлкен үлес қосқан абыройлы мемлекет және қоғам қайраткері болды. Кенжебек Укинович еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, облыс әкімшілігінің басшысына дейінгі ұзақ жолды жүріп өтті. Ол әсіресе Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастыру жылдарындағы қиын кезеңдерде ерен еңбегімен танылды.

Марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Оның еңбегі мен парасаты болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі болып қалады.

Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын», - деп жазды Құмар Ақсақалов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары