$ 484.11  528.79  5.03

Буынсыз адам атанған Айдос Тоқтарбай өмірден өтті

Цирк әртісі кейінгі уақытта сахнаға шықпай кеткен.

Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Халық арасына “буынсыз адам” деп танылған цирк әртісі Айдос Тоқтарбай қайтыс болды. Бұл хабарды актер Рахман Омар жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Айдос Тоқтарбай бауырымыз мезгілсіз өмірден өтті. Цирк өнерінің шебері»,— деп жазды Рахман Омар Instagram парақшасында.

Цирк әртісі кейінгі уақытта сахнаға шықпай кеткен. Айдос Тоқтарбай телебағдарламалардың біріне берген сұхбатында аяғы мен белінен жарақат алғанын айтқан. Сол себепті өнерден біраз уақыт қол үзген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары