Баланың денесінде көптеген тістің іздері болған.
Алексеева көшесіндегі балалар алаңында иттер қызға шабуыл жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 11 қазан күні күндіз аудандық ауруханаға 5 жасар бала жеткізілген. Баланың денесінде көптеген тістің іздері болған.
«Бала дереу реанимация бөліміне жатқызылып, қажетті көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақталып, хирургия бөліміне ауыстырылды», - делінген хабарламада.
Дәрігерлердің айтуынша, қыздың жағдайы орташа ауыр. Ол өз бетімен жүріп, тамақтана алады.