$ 495.2  522.34  4.94

Алдағы 15-20 жылда жұмыс орындарының 14%-ы жойылуы мүмкін

Бірақ оның орнына call-орталықтарда жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, алдағы 12-20 жылда жұмыс орындарының 14%-ы жойылуы мүмкін. Бұл туралы ол Мәжілістегі Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аймағамбетовтің пайымдауынша, жылдам технологиялардың прогресі еңбек саласында жаңа сын-қатерлерді әкеледі, жаңа мамандықтар пайда болып, кейбір зейнеткер мамандықтар жойылып жатыр.

«Болжамдарға сәйкес, Қазақстандағы жұмыс орындарының 52%-ы автоматтандырудың тәуекеліне ұшырайды. Ал алдағы 15-20 жылда жұмыс орындарының 14%-ы жойылуы мүмкін. Тағы 32%-ы өзгереді. Мысалы, онлайн дүкендердің жұмысының кесірінен бүгін сатушылардың жұмыс орындары қысқарып жатыр. Бірақ оның орнына call-орталықтарда жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Мобильді қосымшаларды жүргізу және оларды өңдеу, әзірлеу бойынша жұмыс орындары ашылып жатыр», - деді депутат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары