14.10.2024, 18:20

Астанада 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Фото: Pixabay

«Алматы» ауданының полиция басқармасы қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

13 қазанда Астанада көпқабатты үйдің жанынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елордалық  Полиция департаменті  көпқабатты үйдің жанынан табылған 19 жастағы жігіт туралы ақпаратты растады.

«13 қазан күні «102» арнасына өмір белгілері жоқ жатқан ер адам туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері келгенде қайтыс болған адамның жеке басы анықталды. «Алматы» ауданының полиция басқармасы қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», - делінген хабарламада.