Әскери қызметкердің жұмысқа кіріскеніне екі апта ғана болған.
Қарағанды облысы Приозерск гарнизонының әскери қызметшісі өзін-өзі өлтірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қарағанды облысының әскери бөлімдердің біріндегі қайғылы оқиға туралы әлеуметтік желілерде жазылды. Онда ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты 06708 әскери бөлім сарбазының өзін-өзі атып тастағаны туралы айтылған.
Қорғаныс министрлігі бұл деректі растады.
Қызметке кіріскеніне екі-ақ апта болған қатардағы жауынгердің өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр.
"4 қазанда Приозерск гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді басшы бекітілген қарудан басына оқ атты. Іс әскери қызметіне қатысы жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өз-өзіне қол жұмсаған. Қылмыстық іс қозғалды, мән-жайлар анықталуда", - деп хабарлады ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.
Ведомство сарбаздың туыстары мен жақындарына қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.