$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстаннан көшемін»: Марқұм Шерзаттың әкесі халыққа тағы да үндеу жолдады (ВИДЕО)

Қаржаубай Нұрымов күні кеше желіде тараған өзінің пышақ ұстаған видеосына қатысты пікір білдірді. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Талғарда бір топ қаскөйлер қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзаттың әкесі Қазақстаннан көшуден басқа амалы қалмағанын айтып, халыққа видеоүндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қаржаубай Нұрымов күні кеше желіде тараған өзінің пышақ ұстаған видеосына қатысты пікір білдірді. 

“Олар пышақпен келді. Мен енді қаламмен немесе қағазбен шықпаймын ғой. Жалынып, жалбарынып сұрадым, қолдарын алдым. Сол жерде қолдарын еркекше беріп кетті. Артынан келіп істеп отырған тірлігі – мынау. Мен, Шерзат немесе Нұрғанат біреуіміз сол жерде қан төксек бізді қаралап, “қанішер” десеңіздер болады. Мен қан төккен емеспін, қан төкпеймін де. Менің басымдағы жағдайды, қарындасымның, анамның, әйелімнің қалай жылағанын көрсеңіздер түсінесіздер. “Анам, әкем” деп жылау бір бөлек, бірақ “ботам” деп жылау мүлдем бөлек. Мен қазақ болған соң бірде-бір қазақтың қаны төгілмесін деймін. Айтарым осы. Соттаймын, атамын десеңіздер, өздеріңіз білерсіздер”, – деді марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов.

Сонымен қатар, ол тіпті Қазақстаннан көшуге мәжбүр екенін айтты. 

“Енді мен әділдік болады дегенге сенбеймін. Баламнан айырылып, үйімнен айырылып отырғанда, енді келіп осылай жасап жатыр. Амал тек отбасымды аман-есен алып шығып кетуім керек. Қазақстаннан көшем”,- деді әкесі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 10

Серіктес жаңалықтары