Марқұмның анасының барлық дәлелі мен мәлімдемелері тергеу шеңберінде мұқият тексеріледі.
Күні кеше Астанада көпқабатты үйдің маңынан 19 жастаы жігіттің мәйіті табылғаны туралы ақпарат тараған. Артынша әлеуметтік желіде марқұм жігіттің анасының видеоүндеуі жарияланды. Осы оқиғаға байланысты Астана полициясы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«19 жастағы жігіттің денесін табу фактісі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол 9-қабаттың терезесінен құлаған. Оқиғаның барлық қатысушысы анықталды. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.Тараптардың, оның ішінде марқұмның анасының барлық дәлелі мен мәлімдемелері тергеу шеңберінде мұқият тексеріледі», - делінген елордалық полиция Instagram-дағы парақшасында.
Аталған іс Астана қаласы полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында екені атап өтілді.