15.10.2024, 12:20

«Балаларды өлтір дей береді»: Тележүргізуші жанұшыра көмек сұраған оқырманының хатын жариялады (ВИДЕО)

Фото: Pixabay

Жаңа туған 1 күндік шақалақты қоқыс жәшігіне салып өртеп жібірген. 

Жуырда БАҚ-та Семейде қоқыстан денесін күйік шалған сәбидің табылғаны туралы ақпарат тараған. Енді танымал тележүргізуші осы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, күйзеліске түскен оқырманының хатын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлгі хатты жазушы әйел қиналып жүргенін, әлдекімнің «балаларды өлтір» дей беретінін жазған.

«Семейдегі сұмдықты да естідік. Жаңа туған 1 күндік шақалақты қоқыс жәшігіне салып өртеп жіберген. Денесінің 80% күйген періштенің ғұмыры тым қысқа екен. Реанимацияда көз жұмды.

Оны қасақана өлтірген кім? Туған анасы ма? Әйелді мұндай жағдайға жеткізген не? Қазір шақалақтың анасы іздестірілуде.

Мына хатты қараңыздаршы!

Әйел дабыл қағуда!», - деп тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында оқырманынан келген хатты жариялады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Семейде қоқыстан денесін күйік шалған сәби табылды