$ 494.87  520.65  4.91

«Басы мұздатқышқа, қалған бөліктері қапшыққа салынған»: Ақтөбе облысында ер адамның бөлшектелген денесі табылды

Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Фото: hoz-pack
Фото: hoz-pack

Ақтөбелік полиция бір ай бұрын жоғалып кеткен Хромтау тұрғынының мәйітін тапты. Оның денесі бөлшектеліп қапшыққа салынған, ал басы мұздатқыштан табылған. Тәртіп сақшылары күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін желіде Хромтау маңында мұздатқыштан жоғалған ер адамның басы табылған еді. Оның денесінің басқа бөліктері сөмкелерге салынған.

Мәйіттің табылғанын Ақтөбе облысының полиция департаменті растады. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Тергеу барысында екі адам анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – делінген хабарламада. 

Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары