$ 488.91  532.62  5

«Французша сөйлеп тұрсың ба»: Министрлік Черчесовке байланысты федерациядан түсініктеме талап етті

Ұлттық құрама бапкері Станислав Черчесовтің қазақша сұрақ қойған журналиске "Сен қазір французша сөйлеп тұрсың ба” деуі халықтың наразылығын тудырды.

Фото: vk.com
Фото: vk.com

Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Станислав Черчесов Словенияға қарсы ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында өзіне қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні келемеждеген еді. Туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясынан болған оқиғаға қатысты түсініктеме беруін талап етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлттық құрама бапкері Станислав Черчесовтің қазақша сұрақ қойған журналиске "Сен қазір французша сөйлеп тұрсың ба” деуі халықтың наразылығын тудырды.

Туризм министрлігі футбол федерациясына ресми сауал жолдады. Хатта Конституция мен "Тілдер туралы" заңда қазақ тілінің ерекше мәртебеге ие екендігі және оны барша азаматтар құрметтеуге міндетті екені айтылған.

"Министрлік ұлттық құраманың бас бапкерімен мемлекеттік тілді құрметтеу қажеттілігіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді талап етті. Қазақстан футбол федерациясы ведомстволық бағынысты ұйым емес, оның ішкі мәселелеріне араласа алмаймыз. Дегенмен, министрлік еліміздің спорт саясатын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган ретінде қажетті түсініктемелерді сұрауға құқылы", – делінген ведомство хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары