Оның сөзінше, Шерзаттың отбасына бұған дейін қоқан-лоқы жасалған.
16 жастағы Шерзат Болаттың өлімі мен қылмыстық істің мән-жайы туралы құқық қорғаушы Айтбек Амангелді пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Baigenews.kz басылымына сілтеме жасап.
Айтбек Амангелді Шерзаттың отбасына белсенді түрде көмектесіп келеді. Ол марқұмның ата-анасына тегін заң көмегін ұйымдастырған.
Оның сөзінше, Шерзаттың отбасына бұған дейін қоқан-лоқы жасалған.
«Іске кіріскеннен бері Шерзаттың әкесіне бір рет тікелей қоқан-лоқы жасаған. Бейтаныс адамдар Қаржаубайға көмектескісі келетін адвокатпен байланыстыратындарын айтып, телефонды көтеруді сұраған. Телефон арқылы Қаржаубайға «Тынышталмасаң, балаңның қасынан қабіріңді қаза бер» деп хабарласқан», – дейді ол.
Айтбек Амангелді тергеу органдары бұл деректі тексеріп жатқанын айтты.