16.10.2024, 18:00

Танымал театр және кино актрисасы Баян Имашева өмірден өтті

Фото: Әдебиет порталы

Бұл туралы М. Әуезов театрының баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Әуезов театрының актрисасы Баян Имашева қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Театр ұжымы марқұмды еске алып, туған-туыстарына көңіл айтты.

«Бойындағы сахна шеберіне тән ойлылылық пен даралық, театрға, өнерге деген адалдығы - қазақ театр өнерінің қарашаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының сахнасында жүзден аса рөл мен қазақ тарихындағы сан тағдырлы әйелдер бейнесін сомдатты.

Өнегеге толы өмірінде, өнерге арнаған саналы ғұмырында актрисаның қазақ театры мен киносына, мәдениетіне қосқан үлесі өлшеусіз деп білеміз», - деп жазды М. Әуезов театрының әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ұжымы қайғыға ортақтасып, марқұмның отбасы мен жақындарына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады.