$ 485.04  525.98  5.04

Алматыда бірден 7 көлік соқтығысқан жол апаты болды (ВИДЕО)

Видеодан жүк көліктерінің зақымдалғаны көрінеді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Бүгін Алматының Алатау ауданында жаппай жол апаты болды – бірден жеті көлік соқтығысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты болған жерде түсірілген кадрлар Instagram-дағы 100baksoff_almaty парақшасында жарияланды. Видеодан жүк көліктерінің зақымдалғаны көрінеді.

Алматы ПД-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, апат бүгін сағат 15:30-да оңтүстік астананың Алатау ауданында болған – бірден жеті көлік соқтығысқан. Жол апатына ұшырағандар Солтүстік айналма жолымен бір бағытта қозғалғаны айтылған.

Жол апаты салдарынан "ГАЗ" маркалы көліктің жүргізушісі мен жолаушысы медициналық көмекке жүгінді. Апатты тергеу жұмыстарына Алатау ауданының жол полициясы басқармасының қызметкерлері кірісті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары