Оқушының айтуынша, оның шашын қиюға мәжбүрлеген.
Әлеуметтік желіде Қостанай облысында балаларды балағаттаған мектеп директорының видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Qostanay.TV-ге сілтеме жасап.
Оқушының айтуынша, оның шашын қиюға мәжбүрлеген.
"Бізді директорға апарды. Дәлірек айтқанда, менің досымды және мені. Түсініктіме әкелмегеніміз үшін. Ол шашым үшін маған айқайлап, мені "ақымақ" деп атады, балалар үйі мен психиатриялық аурухананы айтып қорқытты. Менің шашым соншалықты ұзын емес еді, әрі кетсе 3-4 см, бірақ бұйра, сондықтан солай көрінеді", - дейді оқушы.
Қостанай аудандық прокуратурасы бұл факті бойынша тексеру жүргізіп жатыр.